Птеригиумды алып тастау кезінде

Құрметті Пациент!

Қанат тәрізді жарғақ (птеригиум) – конъюнктиваның ауруы. Конъюнктива (көз алмасының шырышты қабығы) өзгеріп, қалыңдап, мұрын немесе самай жағынан қасаң қабыққа өседі. Бұл кезде қасаң қабық зардап шегеді, ол бұлдырап, астигматизм пайда болады. Бұл ауруды түбегейлі емдеудің жалғыз әдісі – түзілімді хирургиялық жолмен алып тастау. Птеригиум хирургиясының көптеген тәсілі бар. Барлық тәсілде де ауру қайталануы мүмкін. Зақымданған шырышты қабықтың қасаң қабыққа өсу жолында тосқауыл жасайтын тәсілдер ең тиімді.

Ота мінсіз жасалса да, отадан кейінгі кезеңде мынадай ерекшеліктер болуы мүмкін:

1. Отадан кейін 1-2 күн бойы, әсіресе отадан кейінгі алғашқы сағаттарда ауырсыну сезімі.

2. Алынған птеригиум аймағында қасаң қабықтың бұлдырауы.

3. 1-2 ай бойы көздің қызаруы, шырышты қабықтың қалыңдауы, ісінуі.

4. Көздің қызаруы болашақта да мезгіл-мезгіл пайда болуы мүмкін, өйткені конъюнктиваңыз тұрақты бақылауды қажет етеді.

Отаға дейін:

  • ота күні таңертең бетіңізді сабынмен мұқият жуыңыз.
  • таңертең, отаға дейін 3 сағаттан кешіктірмей жеңіл таңғы ас ішуге болады.
  • көз тамшыларын осы жадынамаға және (немесе) жазылған рецептке сәйкес дәріханадан алдын ала сатып алып, отаға өзіңізбен бірге алып келу қажет.
  • өзіңізбен күннен қорғайтын көзілдірік алыңыз.

Отаға дейін талдау нәтижелерін емдеуші дәрігерге көрсету қажет

  • Қан талдауы: жалпы (кеңейтілген)
  • Қанның ұюы
  • Вассерман реакциясына, АИТВ, HBS-антигенге, HCV – антигенге қан талдауы

Процедурадан кейін

Процедурадан кейін

Отадан кейін:

  • барлық қажетті ұсынымдарды алғаннан кейін үйге кетуге болады.
  • алғашқы 5 күн шикі су тигізбеңіз, басыңызды жумаңыз. Дәрігер тағайындаған арнайы тамшыларды ғана пайдаланыңыз.

Көзді көшедегі жарқын жарықтың, желдің және шаңның тітіркендіргіш әсерінен қорғау үшін кез келген түсті және кез келген қараңғылау дәрежесіндегі күннен қорғайтын көзілдірік тағу қажет, оны күн сайын сабынмен жуу керек. Газдалған және спиртті сусындарды, көп мөлшерде сұйықтықты ішпеңіз. Тігістер әдетте отадан 5-7 күн өткен соң алынады.

Тамшыларды қолдану тәртібі

Вигамокс

Отадан кейін тамшы тамызу кестесі (егер емдеуші дәрігер басқаша тағайындамаса):

ВИГАМОКС

  • отаға 3 күн қалғанда 1 тамшыдан.

отадан кейінгі алғашқы 7 күн 1 тамшыдан – күніне 3 рет. (9.00, 13.00, 17.00, 20.00, 22.00)

Офтан-Дексаметазон

ОФТАН-ДЕКСАМЕТАЗОН 0,1%

отадан кейінгі 3-ші күннен бастап (дәрігердің ұсынымы бойынша) 1 тамшыдан:

  • 1-ші апта күніне 5 рет. (9.10, 13.10, 17.10, 20 10, 22.10-да)
  • 2-ші апта күніне 4 рет. (9.10, 13.10, 17.10, 22.10-да)
  • 3-ші апта күніне 3 рет. . (9.10, 17.10, 22.10-да)
  • 4-ші апта күніне 2 рет (9.10, 17.10-да)
  • 5-ші апта күніне 1 рет (9.10-да )

Офтальмоферон

ОФТАЛЬМОФЕРОН

  • отадан кейінгі 3-ші күннен 14-ші күнге дейін 1 тамшыдан күніне 3 рет:

Корнерегель

КОРНЕРЕГЕЛЬ

  • 2 апта, күніне 3 рет. (9.20, 17.20, 22.20-да)

Маңызды ескерту

  • Еске саламыз, 1,5 ай бойы отадан кейінгі бақылау қосымша ақысыз жүргізіледі. 1,5 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі жүгінулер жеңілдікпен төленеді, 6 айдан кейін (ота күнінен бастап) – толық құнымен.
  • Дәрігер Сізге қосымша ұсынымдар беріп, тексеру уақытын тағайындауы мүмкін.
  • Шұғыл кеңес, көмек қажет болған жағдайларда (көрудің кенеттен күрт нашарлауы, көздің қызаруы, ауырсыну және т.б.) бізге дереу жүгінуіңіз керек.
  • Тамшыларды өзіңіз немесе туыстарыңыз тамыза алады. Қолды сабынмен жуып, ота жасалған көздің төменгі қабағын төмен тартыңыз, қабақ пен көз арасында пайда болған ойыққа дәрінің 2 тамшысын тамызыңыз (пипетканы көзге тигізбеңіз!). Бұл кезде жоғары қараған дұрыс. Әртүрлі дәрілерді тамызу арасындағы үзіліс кемінде 5 минут. Түнде тамшы тамызудың қажеті жоқ.

Емдеуді офтальмолог кеңесінен бастаңыз

Қабылдауға жазылу