Сізге халязионды алып тастау отасы жасалады.
Ота мінсіз жасалса да, отадан кейінгі кезеңде мынадай ерекшеліктер болуы мүмкін:
1. Отадан кейін 1-2 күн бойы, әсіресе отадан кейінгі алғашқы сағаттарда ауырсыну сезімі.
2. 1 апта бойы көздің қызаруы, шырышты қабықтың ісінуі.
Отаға дейін:
- ота күні таңертең бетіңізді сабынмен мұқият жуыңыз.
- таңертең, отаға дейін 3 сағаттан кешіктірмей жеңіл таңғы ас ішуге болады.
- көз тамшыларын осы жадынамаға және (немесе) жазылған рецептке сәйкес дәріханадан алдын ала сатып алып, отаға өзіңізбен бірге алып келу қажет.
- өзіңізбен күннен қорғайтын көзілдірік алыңыз.
Отаға дейін талдау нәтижелерін емдеуші дәрігерге көрсету қажет
- Қан талдауы: жалпы (кеңейтілген)
- Қанның ұюы
- Вассерман реакциясына, АИТВ, HBS-антигенге, HCV – антигенге қан талдауы
Процедурадан кейін
Процедурадан кейін
Отадан кейін:
- барлық қажетті ұсынымдарды алғаннан кейін үйге кетуге болады.
- алғашқы 5 күн шикі су тигізбеңіз, басыңызды жумаңыз. Дәрігер тағайындаған арнайы тамшыларды ғана пайдаланыңыз.
Тамшыларды қолдану тәртібі
Вигамокс
Отадан кейін тамшы тамызу кестесі (егер емдеуші дәрігер басқаша тағайындамаса):
ВИГАМОКС
- отаға 3 күн қалғанда 1 тамшыдан.
- отадан кейінгі алғашқы 7 күн 1 тамшыдан – күніне 3 рет. (9.00, 14:00, 20.00)
Маңызды ескерту
- Еске саламыз, 1,5 ай бойы отадан кейінгі бақылау қосымша ақысыз жүргізіледі. 1,5 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі жүгінулер жеңілдікпен төленеді, 6 айдан кейін (ота күнінен бастап) – толық құнымен.
- Дәрігер Сізге қосымша ұсынымдар беріп, тексеру уақытын тағайындауы мүмкін.
- Тамшыларды өзіңіз немесе туыстарыңыз тамыза алады. Қолды сабынмен жуып, ота жасалған көздің төменгі қабағын төмен тартыңыз, қабақ пен көз арасында пайда болған ойыққа дәрінің 2 тамшысын тамызыңыз (пипетканы көзге тигізбеңіз!). Бұл кезде жоғары қараған дұрыс. Әртүрлі дәрілерді тамызу арасындағы үзіліс кемінде 5 минут. Түнде тамшы тамызудың қажеті жоқ.

