Қандай минуста көруді лазерлік түзету жасауға болады?

Қасаң қабықтың қалыңдығы жеткілікті болған кезде -14 дптр дейінгі миопия кезінде көруді эксимерлазерлік түзетуді жүргізуге болады.

Көзіңізді уқаламаңыз: қышу немесе жайсыздық сезімі пайда болса да, көзді қолмен уқалаудан аулақ болыңыз. Бұл қасаң қабықтың жарақаттануын болдырмайды.
Сумен жанасудан сақтаныңыз: емшарадан кейін бір ай бойы бассейнде шомылудан және қоғамдық сауналарға барудан бас тартыңыз.
Косметика қолданбаңыз: бірінші аптада көз аймағында макияж қолдануға тыйым салынады.
Ауыр дене жүктемелерін шектеңіз: отадан кейін бір апта өткен соң спортпен шұғылдануға болады, алайда шамадан тыс ауыр жүктемелерді алып тастаған жөн.

Көруді лазерлік түзетуден кейінгі бұлдыр көру оталық араласудан кейінгі көздің қалпына келуіне байланысты болуы мүмкін. Ең жиі кездесетін себептердің қатарында көздің шамадан тыс құрғауы мен қасаң қабықтың ісінуін атап өтуге болады, олардың айқындығы отадан кейінгі алғашқы тәулік ішінде айтарлықтай азаяды

1. Тұрақсыз көру: егер көруіңіз өзгеруін жалғастырса, лазерлік түзету процестің тұрақтануына дейін кейінге шегерілуі керек.
2. Жүктілік және бала емізу: жүктілік және бала емізу кезінде лазерлік түзетуді кейінге қалдыру қажет.
3. Көз денсаулығының күрделі мәселелері: катаракта, көздің қабыну аурулары және басқа да ауыр жағдайлар көруді лазерлік түзетуге қарсы көрсетілім болуы мүмкін.
4. Жұқа қасаң қабық: егер қасаң қабық тым жұқа болса, лазерлік түзету қолжетімсіз болуы немесе асқынулардың жоғары қаупімен байланысты болуы мүмкін.
5. Өтелмеген созылмалы аурулар: жалпы жүйелік аурулар жазылу процесіне әсер етуі және асқыну қаупін арттыруы мүмкін.
6. Иммундық жүйе аурулары: иммундық жүйенің кейбір аурулары жазылуды баяулатуы және асқыну қаупін арттыруы мүмкін.7. Жас шамасы: лазерлік түзету балалар мен жасөспірімдерге ұсынылмайды, өйткені олардың көздері әлі толық қалыптаспаған және емшара жүргізілгеннен кейін көру өзгеруі мүмкін.

Көруді лазерлік түзету — көруді айтарлықтай жақсартатын қауіпсіз әрі тиімді процедура. Дегенмен кез келген медициналық процедура сияқты, белгілі бір қатерлер мен ықтимал салдарлар бар. Олардың кейбірі: көздің құрғауының күшеюі, «гало» әсері (жарық көздерінің айналасындағы шеңберлер, әсіресе кешкі уақытта).

Гало эффектісі — көруді лазерлік түзетуден кейін кейбір адамдарда болуы мүмкін көру құбылыстарының бірі. Гало – жарық көздерінің, мысалы, автокөлік шамдарының немесе көше шамдарының айналасындағы сақина тәрізді немесе дөңгелек жарқыраған шеңберлер, әсіресе жарық аз болғанда. Бұл әсер әдетте уақытша болады және отадан кейін көз жазылған сайын азаяды.

Емшараны өткізбес бұрын жансыздандыратын тамшылар тамызылады, көзге қабақ кеңейткіш қойылады, одан әрі бірнеше кезеңнен тұратын отаның өзі өтеді: Қасаң қабық қақпақшасын (тілігін) жасау: Хирург фемтосекундтық лазердің көмегімен қасаң қабықтың жұқа қақпақшасын жасайды, бұл сәтте пациент көзге түскен қысым сезімін сезінеді және көз алдындағы көрініс бірнеше секундқа толық жоғалады. Содан кейін лазердің қасаң қабық тіндеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қақпақша көтеріледі. Қасаң қабық пішінін өзгерту: Лазер қасаң қабықты жұқартып, оның пішінін микрометрге дейінгі дәлдікпен өзгертеді. Бұл миопияны, гиперметропияны немесе астигматизмді түзету үшін жасалады. Қақпақшаны орнына келтіру: Қасаң қабық қақпақшасы өз орнына қайтарылады, ол жерде тігіссіз-ақ жазыла бастайды.

Отадан кейінгі қысқа мерзімді жағымсыз әсерлерден тұрады, атап айтқанда: айқын жарықтан қорқу, көзден жас ағу, ашу, бөгде зат сезімі. Осы әсерлердің барлығы отадан кейін бірнеше сағаттан соң басылады.

Кейбір жағдайларда, мысалы, миопияның жоғары дәрежесінде (алыстан нашар көру) және астигматизм кезінде белгілі бір уақыттан кейін қайталама араласу (қосымша түзету) қажет болу ықтималдығы бар. Мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және әрқашан диагностика кезеңінде пациентпен алдын ала келісіледі.

Ғаламторда отадан кейін белгілі бір уақыт өткен соң көруі «нашарлап кеткен» пациенттердің пікірлерін жиі көруге болады, бірақ бұл ретте дұрыс жүргізілген диагностика мен ота кезінде мұндай нәтиженің болу ықтималдығы өте төмен екенін түсіну керек. Әдетте отадан кейін ұзақ уақыт өткен соң көрудің төмендеуі аккомодацияның шамадан тыс кернеуіне байланысты болады, оны диагностикада анықтап, консервативтік терапия курсымен емдеуге болады.

Отадан кейін бірнеше сағат ішінде айқын жарықтан қорқу, көзден жас ағу, ашу, бөгде зат сезімі байқалады. Көру отадан кейінгі келесі күні таңертең анық болады, бірақ отадан кейінгі бір ай ішінде жақсы және нашар жағына аздап өзгеруі мүмкін. Сізде гаджеттерді пайдалану бойынша ешқандай шектеулер жоқ, келесі күні-ақ отадан кейінгі тексеруге көлік тізгіндеп келуге болады. Бір апта бойы қабынуға қарсы тамшыларды тамызу қажет, ал отадан кейін бір ай өткен соң қандай да бір шектеулерсіз әдеттегі өмір салтын жалғастыра аласыз

Емдеуді офтальмолог кеңесінен бастаңыз

Қабылдауға жазылу