Сізге интравитреалды инъекция (ИВИ) процедурасы жасалады. Ауырсынуды басатын тамшыларды тамызғаннан кейін осы ота кезінде көзіңіз ашық тұруы үшін Сізге арнайы қабақ кеңейткіш орнатылады. Осыдан кейін жарқын жарықты көресіз. Хирург пен анестезиологтың барлық нұсқауларын нақты орындауыңыз керек. Бүкіл ота тамшы тамызудан бастап 5 минуттан аспайды. Кейде пациенттер инъекция кезінде қысқа уақытқа ауырсыну сезетінін айтады.
ИВИ процедурасы отаға дейінгі және отадан кейінгі ерекше режимді қажет етеді.
Процедураға дейін:
· – ИВИ жасалатын көзге 2 күн бұрын Вигамокс немесе Офтаквикс антибиотигін күніне 3 рет 1 тамшыдан тамызыңыз.
· – процедураға 2 күн қалғанда алкоголь ішуден бас тартыңыз.
· – ота күні бетіңізді сабынмен мұқият жуыңыз.
· – ота күні жеңіл таңғы ас ішу қажет.
· – процедура күні таңертең күнделікті қабылдайтын дәрілеріңізді (бар болса) ішіңіз
· – тар жағалы киім кимеңіз.
· – өзіңізбен күннен қорғайтын көзілдірік, таза тәпішке алыңыз
Отаға дейін талдау нәтижелерін емдеуші дәрігерге көрсету қажет (ол үшін қосымша ақысыз қабылдауға жазылу керек):
- Вассерман реакциясына, АИТВ, HBS-антигенге, HCV – антигенге қан талдауы
Процедурадан кейін
Процедурадан кейін
ИВИ процедурасынан кейін:
- барлық қажетті ұсынымдарды алсаңыз және өзіңізді жеткілікті жақсы сезінсеңіз, үйге кетуге болады. Кетер алдында Сізге таблетка береді, оны үйде кез келген тамақ ішер алдында 10-15 минут бұрын ішу керек.
- келесі күні тексеруге келуіңіз қажет. Бұл тексеруге ИВИ жасалғаннан кейін тіркеу бөлімінде жазылу керек.
- отаға дейін тамызған тамшыларды (Вигамокс немесе Офтаквикс) ота жасалған көзге 7 күн бойы күніне 3 рет тамыза беру керек.
Шектеулер
- отадан кейін 1-3 тәулік бойы көз аймағында болмашы ауырсыну, ашу, көз жасының ағуы, жарықтан қорқу болуы мүмкін. Бұл сезімдер әсіресе отадан кейінгі алғашқы тәулікте күшті. Сондықтан отадан кейін көздеріңіз таңғышпен қорғалуы керек.
- ИВИ-ден кейін 4 тәулік бойы шикі су тигізбеңіз, басыңызды жумаңыз.
- қатты ауырсыну пайда болса, көздің жағдайы нашарласа, клиникамен байланысып, жоспардан тыс тексеруге келісу қажет.
- әрі қарай емдеу тактикасы және қайта ИВИ қажеттілігі туралы мәселені шешу үшін ИВИ-ден шамамен бір ай өткен соң жоспарлы тексеруге келу қажет.
Тамшыларды қолдану тәртібі
Вигамокс / Офтаквикс
Отадан кейін көз тамшыларын тамызудың мынадай кестесін ұсынамыз (егер емдеуші дәрігер басқаша тағайындамаса):
ВИГАМОКС немесе ОФТАКВИКС
1 тамшыдан:
- 7 күн – күніне 3 рет. (9.00, 14.00, 21.00)
Маңызды ескерту
- Тамшыларды өзіңіз немесе туыстарыңыз тамыза алады. Қолды сабынмен жуып, ота жасалған көздің төменгі қабағын төмен тартыңыз, қабақ пен көз арасында пайда болған ойыққа дәрінің 1 тамшысын тамызыңыз (пипетканы көзге тигізбеңіз!). Бұл кезде жоғары қараған дұрыс. Әртүрлі дәрілерді тамызу арасындағы үзіліс кемінде 5 минут. Түнде тамшы тамызудың қажеті жоқ.
- Еске саламыз, 30 күн бойы отадан кейінгі бақылау қосымша ақысыз жүргізіледі. 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі жүгінулер жеңілдікпен төленеді, 6 айдан кейін (ота күнінен бастап) толық құнымен.
- Шұғыл кеңес, көмек қажет болған жағдайларда (көрудің кенеттен нашарлауы, көздің қабынуы және т.б.) орталыққа емдеуші дәрігеріңізге шұғыл жүгінуіңіз керек.

