Витреоретиналық ота кезінде

Құрметті Пациент!

Сізге витреоретиналық ота жасалады. Ота жергілікті немесе көктамыр ішіне енгізілетін жансыздандырумен жүргізіледі. Ота 30 минуттан 120 минутқа дейін созылады. Ота отаға дейінгі және отадан кейінгі ерекше режимді қажет етеді.

Отаның алдында Сізге қажет:

· тамшыларды отаға бір тәулік қалғанда тамыза бастау:

Вигамокс – 1 тамшыдан күніне 4 рет

Неванак (Индоколлир) – 1 тамшыдан күніне 3 рет

· ота күні косметика, макияж құралдарын және әтірді пайдаланбау;

· отаның алдында басты және бетті мұқият жуу;

· тұрақты қабылдайтын барлық дәрілік препараттарыңызды әдеттегі режимде қабылдай беріңіз; Қанды сұйылтатын препараттардан ( Тромбо асс, ацетилсалицил қышқылы және т.б.) басқа – оларды отаға 3 күн қалғанда тоқтатыңыз.

· ота күні таңертең жеңіл таңғы ас ішуге болады.

Отаға дейін талдау нәтижелерін емдеуші дәрігерге көрсету қажет:

Қанның клиникалық талдауы, ЭТЖ

Коагулограмма (АЖТУ, Квик бойынша протромбин, ХҚҚ, фибриноген)

Қанның биохимиясы: глюкоза;

АИТВ-ға, RW-ге, HBS-антигенге, HCV – антигенге қан талдауы (жарамдылық мерзімі 3 ай);

Несептің клиникалық талдауы;

Қорытындысы бар электрокардиография;

Флюорография (жарамдылық мерзімі 12 ай);

Отаға қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы маман дәрігерлердің (стоматолог, оториноларинголог, терапевт) қорытындысы;

Созылмалы аурулар болса – пациент бақылауда тұрған мамандардың қорытындысы. Қант диабетінде эндокринолог кеңесі міндетті.

Талдаулар (басқаша көрсетілмесе, жарамдылық мерзімі 1 ай)

Процедурадан кейін

Процедурадан кейін

Отадан кейін:

Сізге көзге ота жасалды. Отадан кейін 1 сағат бойы клиниканың медицина қызметкерлерінің бақылауында боласыз.

Пациентті отадан кейін тұратын жеріне жеткізу үшін алып жүретін адамдардың болуы міндетті. Жеткізу үшін жеке көлікті пайдаланған жөн.

Отадан кейінгі күні міндетті отадан кейінгі тексеруге келуіңіз қажет. Отадан кейінгі 10-14 күн ішінде емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша мезгіл-мезгіл отадан кейінгі тексерулер қажет болады.

Отадан кейінгі бірінші ай:

  • ауыр дене жұмысымен айналысуға, ауыр зат көтеруге тыйым салынады.

Тамшылар және күтім

  • буханаға және саунаға бару ұсынылмайды;
  • тағам әдеттегідей болуы мүмкін;
  • көзге тамшы тамызуды ұмытпай, теледидар көруге, кинотеатрға, театрға және т.б. баруға болады;
  • отадан кейінгі ерте кезеңде көп адаммен араласуды шектеген жөн (әсіресе жедел респираторлық аурулар эпидемиясы кезінде).

Отадан 1 ай өткен соң аталған шектеулер алынады, және Сіз әдеттегі өмір салтыңызға орала аласыз.

Алғашқы күндер

Офтальмолог дәрігер Сізге қосымша ұсынымдар беріп, тексеру уақытын тағайындауы мүмкін. Шұғыл кеңес, көмек қажет болса (жарақат, көрудің кенеттен нашарлауы, көздің қабынуы және т.б.), емдеуші дәрігерге шұғыл жүгіну қажет.

Клиникадағы барлық тексерулер мен кеңестер алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.

Тамшыларды қолдану тәртібі

Вигамокс

Отадан кейін тамшы тамызу кестесі (егер емдеуші дәрігер басқаша тағайындамаса):

ВИГАМОКС

  • 1 тамшыдан күніне 3 рет – 10 күн

Офтан-Дексаметазон

Офтан Дексаметазон 0,1%

  • 1 тамшыдан күніне 5 рет – 1 апта ( әрі қарай кесте бойынша, кестені қараңыз)

Неванак / Индоколлир

Неванак (Индоколлир)

  • 1 тамшыдан күніне 3 рет – 1 ай

Корнерегель

Корнерегель

  • 1 тамшыдан күніне 3 рет – 7 күн

Маңызды ескерту

  • Еске саламыз, отадан кейінгі бірінші ай бойы тексерулер ақысыз жүргізіледі. 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі жүгінулер жеңілдікпен төленеді, 6 айдан кейін (ота күнінен бастап) толық құнымен.
  • Тамшыларды өзіңіз немесе туыстарыңыз тамыза алады. Қолды сабынмен жуып, ота жасалған көздің төменгі қабағын төмен тартыңыз, қабақ пен көз арасында пайда болған ойыққа дәрінің 2 тамшысын тамызыңыз (пипетканы көзге тигізбеңіз!). Бұл кезде жоғары қараған дұрыс. Әртүрлі дәрілерді тамызу арасындағы үзіліс кемінде 5 минут. Түнде тамшы тамызудың қажеті жоқ.
  • Шұғыл кеңес, көмек қажет болған жағдайларда (көрудің кенеттен нашарлауы, көздің қабынуы және т.б.) клиникаға емдеуші дәрігеріңізге шұғыл жүгінуіңіз керек.
  • +7 778 025 4499 телефоны бойынша қоңырау шала аласыз

Емдеуді офтальмолог кеңесінен бастаңыз

Қабылдауға жазылу