Сізге көзге ота жасалады. Ауырсынуды басатын тамшыларды тамызғаннан кейін ота кезінде көзіңіз ашық тұруы үшін Сізге арнайы қабақ кеңейткіш орнатылады. Ауруыңызға және хирургиялық ем түріне қарай ота 10 минуттан 60 минутқа дейін созылуы мүмкін. Кейде көздің жанынан жеңіл жанасуды сезесіз. Ауырсыну болмайды.
Көз бұршағының бұлдырауына (катарактаға) байланысты хирургиялық ем жүргізілгенде отадан кейін көруіңіз жақсарады, бірақ ол алғашқы бірнеше апта ішінде толық қалпына келеді. Көзіңіз отадан кейін 1 ай ішінде толық жазылады.
Ота отаға дейінгі және отадан кейінгі ерекше режимді қажет етеді.
Отаға дейін:
ВИГАМОКС пен НЕВАНАК тамшыларын отаға үш тәулік қалғанда ота жасалатын көзге 1 тамшыдан күніне 3 рет тамыза бастау қажет.
- ота күні таңертең бетіңізді сабынмен мұқият жуыңыз.
- таңертең, отаға дейін 3 сағаттан кешіктірмей жеңіл таңғы ас ішуге болады.
- тұрақты қабылдайтын дәрілік препараттарыңызды әдеттегі режимде қабылдай беріңіз, аспирин бар препараттардан басқа, оларды отаға үш күн қалғанда тоқтату керек.
- ота уақыты өзгеруі мүмкін екенін ескеруіңізді сұраймыз.
- көз тамшыларын осы жадынамаға және (немесе) жазылған рецептке сәйкес дәріханадан алдын ала сатып алып, отаға өзіңізбен бірге алып келу қажет.
өзіңізбен таза тәпішке және күннен қорғайтын көзілдірік (кез келген қараңғылау дәрежесіндегі) немесе үнемі тағатын болсаңыз, өз көзілдірігіңізді алу керек.
Отаға дейін талдау нәтижелерін емдеуші дәрігерге көрсету қажет (ол үшін қосымша ақысыз қабылдауға жазылу керек):
- Қан талдауы: жалпы (кеңейтілген)
- Қанның ұюы
- Қандағы қант
- Вассерман реакциясына, АИТВ, HBS-антигенге, HCV – антигенге қан талдауы
- Несептің клиникалық талдауы.
- Қорытындысы бар электрокардиография.
- Кеуде қуысының ФГ-сы
- Отаға қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы маман дәрігерлердің қорытындысы: стоматолог, оториноларинголог, терапевт (педиатр).
- Созылмалы аурулар болса – пациент диспансерлік есепте тұрған мамандардың қорытындысы.
Ұсынылған құжаттардың жарамдылық мерзімі: 1 ай
Процедурадан кейін
Процедурадан кейін
Отадан кейін:
- отадан 30 минут өткен соң тұрып, жүруге және қаласаңыз, тамақ ішуге болады. Өте ыстық және қатты тағам ұсынылмайды.
- отадан кейінгі күні отадан кейінгі тексеруге келуіңіз қажет. Отадан кейінгі 10 – 14 күн ішінде емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша мезгіл-мезгіл отадан кейінгі тексерулер қажет болады.
- алғашқы 7 күн арқаңызбен немесе ота жасалған көзге қарама-қарсы жағыңызбен ұйықтаңыз.
Шектеулер
- алғашқы 7 күн шикі су тигізбеңіз, басыңызды жумаңыз. Дәрігер тағайындаған арнайы тамшыларды ғана пайдаланыңыз. Көзді көшедегі жарқын жарықтың, желдің және шаңның тітіркендіргіш әсерінен қорғау үшін кез келген түсті және кез келген қараңғылау дәрежесіндегі күннен қорғайтын көзілдірік тағу қажет, оны күн сайын сабынмен жуу керек. Газдалған және спиртті сусындарды, көп мөлшерде сұйықтықты ішпеңіз. Көру жүктемесін болдырмаңыз (оқымаңыз, тоқымаңыз және т.б.).
Алғашқы күндер
- бірінші айда ауыр дене жұмысымен айналысуға, ауыр зат көтеруге, жиһаз жылжытуға, еңкейіп жұмыс істеуге, жүгіруге және секіруге тыйым салынады. Буханаға және саунаға бару ұсынылмайды. Тағам әдеттегідей болуы мүмкін. 5 кг-ға дейінгі жүкті көтеруге болады. Көзге тамшы тамызуды ұмытпай, теледидар көруге, кинотеатрға, театрға және т.б. баруға болады. Отадан кейінгі ерте кезеңде көп адаммен араласуды шектеген жөн (әсіресе жедел респираторлық аурулар эпидемиясы кезінде).
Отадан 1 ай өткен соң аталған шектеулер алынады, және Сіз әдеттегі өмір салтыңызға орала аласыз.
Тамшылар және күтім
Дәрігер Сізге қосымша ұсынымдар беріп, тексеру уақытын тағайындауы мүмкін. Шұғыл кеңес, көмек қажет болса (жарақат, көрудің кенеттен нашарлауы, көздің қабынуы және т.б.), емдеуші дәрігерге шұғыл жүгіну қажет.
Қажет болса, оқуға арналған көзілдірік отадан бір ай өткен соң таңдалады.
Клиникадағы барлық тексерулер мен кеңестер алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.
Дәрігерге бару жиілігі: отадан кейінгі бірінші күні, бір аптадан кейін, бір айдан кейін, 3 айдан кейін, әрі қарай көз түбін профилактикалық тексеру үшін жылына 1 рет.
Клиникадағы барлық тексерулер мен кеңестер алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.
Тамшыларды қолдану тәртібі
Офтан-Дексаметазон
Отадан кейін тамшы тамызу кестесі (егер емдеуші дәрігер басқаша тағайындамаса):
ОФТАН – ДЕКСАМЕТАЗОН 0,1% 1 тамшыдан:
- күніне 5 рет – 1-ші апта (9.00, 12.00, 15.00, 18.00, 21.00-да)
- күніне 4 рет – 2-ші апта (9.00, 12.00, 18.00, 21.00-да)
- күніне 3 рет – 3-ші апта (9.00, 15.00, 21.00-да)
- күніне 2 рет – 4-ші апта (9.00, 21.00-да)
- күніне 1 рет – 5-ші апта (9.00-да)
тоқтату – 6-шы апта
Вигамокс
ВИГАМОКС 1 тамшыдан
күніне 3 рет, 10 күн (9.10, 15.10, 21.10-да)
Корнерегель
КОРНЕРЕГЕЛЬ
1 тамшыдан күніне 3 рет, 1 апта (9.20, 15.20, 21.20-да).
Маңызды ескерту
- Еске саламыз, бір ай бойы отадан кейінгі бақылау қосымша ақысыз жүргізіледі. 1,5 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі жүгінулер жеңілдікпен төленеді, 6 айдан кейін (ота күнінен бастап) толық құнымен.
- Шұғыл кеңес, көмек қажет болған жағдайларда (көрудің кенеттен нашарлауы, көздің қабынуы және т.б.) орталыққа емдеуші дәрігеріңізге шұғыл жүгінуіңіз керек.
- Тамшыларды өзіңіз немесе туыстарыңыз тамыза алады. Қолды сабынмен жуып, ота жасалған көздің төменгі қабағын төмен тартыңыз, қабақ пен көз арасында пайда болған ойыққа дәрінің 1 тамшысын тамызыңыз (пипетканы көзге тигізбеңіз!). Бұл кезде жоғары қараған дұрыс. Дәріні шалқаңыздан жатып тамызу ыңғайлы. Әртүрлі дәрілерді тамызу арасындағы үзіліс кемінде 5-10 минут. Алдымен емдеуші дәрігер ұсынған көз тамшыларын, содан кейін көз гелін тамызады. Түнде тамшы тамызудың қажеті жоқ.

