Құрметті Пациент!Сізге көруді лазерлік түзету отасы – Femto LASIK жасалады. Ауырсынуды басатын тамшыларды тамызғаннан кейін ота кезінде көзіңіз ашық тұруы үшін Сізге арнайы қабақ кеңейткіш орнатылады. Ота жасайтын хирург барлық кезеңде Сізге нұсқау береді. Оған сеніп, барлық ұсынымдарын мүлтіксіз орындаңыз. Бүкіл ота тамшы тамызудан бастап 10 минуттан аспайды. Кейде көздің жанынан жеңіл жанасуды сезесіз. Ауырсыну болмайды. Араласудың сәтті әрі жылдам өтуінің маңызды шарты – лазер жұмыс істеп тұрған кезде ( 15 секунд ) бас пен көздің қозғалмауы. Көру өрісінің ортасындағы жыпылықтаған қызыл нүктеге тура қарау керек.
Ота отаға дейінгі және отадан кейінгі ерекше режимді қажет етеді:
Отаға дейін:
- контакт линза тақпаңыз: жұмсағын – 1 апта, қаттысын – 2 апта.
- 2 күн бұрын алкоголь ішуден бас тартыңыз.
- жасанды кірпіктерді ( болса) алып тастаңыз.
- 1 күн бұрын косметикалық құралдарды, дезодоранттарды, әтірді пайдаланбаңыз.
- ота күні таңертең бетіңізді сабынмен мұқият жуыңыз (отаға – макияжсыз), душқа түсіңіз.
- таңертең, отаға дейін 3 сағаттан кешіктірмей жеңіл таңғы ас ішуге болады.
- өзіңізбен жеке куәлігіңіз болсын.
- ота уақыты өзгеруі мүмкін екенін ескеруіңізді сұраймыз.
- көз тамшыларын осы жадынамаға және (немесе) жазылған рецептке сәйкес дәріханадан алдын ала сатып алу қажет.
- өзіңізбен таза тәпішке және күннен қорғайтын көзілдірік алу керек.
- Тар жағалы киім кимеңіз.
Отаға дейін талдау нәтижелерін емдеуші дәрігерге көрсету қажет (ол үшін қосымша ақысыз қабылдауға жазылу керек):
- Вассерман реакциясына, АИТВ, HBS-антигенге, HCV – антигенге қан талдауы
Процедурадан кейін
Процедурадан кейін
Отадан кейін:
- 40 минут бойы көзді жұмып отыру қажет.
- Хирургтен барлық қажетті ұсынымдарды алсаңыз, отадан кейін үйге кетуге болады.
- Ұйықтап жатқанда көзге қол тигізбеу үшін бірінші түні күннен қорғайтын көзілдірікпен арқаңызбен ұйықтаңыз.
- отадан кейінгі күні отадан кейінгі тексеруге келуіңіз қажет. Оқуға, жазуға, көлік жүргізуге рұқсат етіледі. Тексеруден кейін таңғыш көзді жарқын жарықтан қорғайтын қара көзілдірікке ауыстырылады. Үйде тамшыларды төмендегі кесте бойынша тамызасыз.
Шектеулер
- алғашқы 1-3 күн көзіңіздің тез шаршайтынын, әсіресе оқу және компьютерде жұмыс істеу кезінде сезуіңіз мүмкін. Бұл 1 айға дейін созылуы мүмкін.
- алғашқы 7 күн көзге қол тигізбеңіз. Шикі су тигізбеңіз, басыңызды жумаңыз. Дәрігер тағайындаған арнайы тамшыларды ғана пайдаланыңыз. Көзді көшедегі жарқын жарықтың, желдің және шаңның тітіркендіргіш әсерінен қорғау үшін кез келген түсті және кез келген қараңғылау дәрежесіндегі күннен қорғайтын көзілдірік тағу қажет, оны күн сайын сабынмен жуу керек. Газдалған және спиртті сусындарды, көп мөлшерде сұйықтықты ішпеңіз.
Алғашқы күндер
- бірінші айда ауыр дене жұмысымен айналысуға тыйым салынады. Буханаға және саунаға бару, су айдындарында (бассейндерді қоса) шомылу ұсынылмайды. Тағам әдеттегідей болуы мүмкін. Көзге тамшы тамызуды ұмытпай, теледидар көруге, кинотеатрға, театрға және т.б. баруға болады. Отадан кейінгі ерте кезеңде көп адаммен араласуды шектеген жөн (әсіресе жедел респираторлық аурулар эпидемиясы кезінде).
- Отадан кейін 3 ай бойы гормондық контрацептивтерді қолдану ұсынылмайды.
Отадан 1 ай өткен соң аталған шектеулер алынады, және Сіз әдеттегі өмір салтыңызға орала аласыз.
Тамшылар және күтім
Дәрігерге бару жиілігі: отадан кейінгі бірінші күні, бір аптадан кейін, бір айдан кейін, 3 айдан кейін, әрі қарай көз түбін профилактикалық тексеру үшін жылына 1 рет.
Клиникадағы барлық тексерулер мен кеңестер алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.
Тамшыларды қолдану тәртібі
Вигамокс
Отадан кейін тамшы тамызу кестесі (егер емдеуші дәрігер басқаша тағайындамаса):
ВИГАМОКС бір тамшыдан
- отаға ДЕЙІН 3 күн, күніне 3 рет.
- отадан кейінгі 1-ші күннен 7-ші күнге дейін күніне 3 рет ( 9.00 , 15.00, 20.00), яғни қатарынан 10 күн.
5-10 минуттан кейін:
Офтан-Дексаметазон
ОФТАН – ДЕКСАМЕТАЗОН 0,1%
отадан кейінгі 1-ші күннен 7-ші күнге дейін 1 тамшыдан күніне 3 рет.
Жасанды көз жасы
Қосымша әдетте жасанды көз жасы препараттары күніне 3-4 рет тағайындалады
Тамшылар кестесі
( Систейн Ультра, ХилоКомод, Окутиарз).
Маңызды ескерту
- Дәрігер Сізге қосымша ұсынымдар беріп, тексеру уақытын тағайындауы мүмкін. Шұғыл кеңес, көмек қажет болса (жарақат, көрудің кенеттен нашарлауы, көздің қабынуы және т.б.), емдеуші дәрігерге шұғыл жүгіну қажет.
- Еске саламыз, бір ай бойы отадан кейінгі бақылау қосымша ақысыз жүргізіледі. 1,5 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі жүгінулер жеңілдікпен төленеді, 6 айдан кейін (ота күнінен бастап) толық құнымен.
- Шұғыл кеңес, көмек қажет болған жағдайларда (көрудің кенеттен нашарлауы, көздің қабынуы және т.б.) орталыққа емдеуші дәрігеріңізге шұғыл жүгінуіңіз керек.

