Халязионды алып тастау кезінде

Құрметті Пациент!

Сізге халязионды алып тастау отасы жасалады.

Ота мінсіз жасалса да, отадан кейінгі кезеңде мынадай ерекшеліктер болуы мүмкін:

1. Отадан кейін 1-2 күн бойы, әсіресе отадан кейінгі алғашқы сағаттарда ауырсыну сезімі.

2. 1 апта бойы көздің қызаруы, шырышты қабықтың ісінуі.

Отаға дейін:

  • ота күні таңертең бетіңізді сабынмен мұқият жуыңыз.
  • таңертең, отаға дейін 3 сағаттан кешіктірмей жеңіл таңғы ас ішуге болады.
  • көз тамшыларын осы жадынамаға және (немесе) жазылған рецептке сәйкес дәріханадан алдын ала сатып алып, отаға өзіңізбен бірге алып келу қажет.
  • өзіңізбен күннен қорғайтын көзілдірік алыңыз.

Отаға дейін талдау нәтижелерін емдеуші дәрігерге көрсету қажет

  • Қан талдауы: жалпы (кеңейтілген)
  • Қанның ұюы
  • Вассерман реакциясына, АИТВ, HBS-антигенге, HCV – антигенге қан талдауы

Процедурадан кейін

Процедурадан кейін

Отадан кейін:

  • барлық қажетті ұсынымдарды алғаннан кейін үйге кетуге болады.
  • алғашқы 5 күн шикі су тигізбеңіз, басыңызды жумаңыз. Дәрігер тағайындаған арнайы тамшыларды ғана пайдаланыңыз.

Тамшыларды қолдану тәртібі

Вигамокс

Отадан кейін тамшы тамызу кестесі (егер емдеуші дәрігер басқаша тағайындамаса):

ВИГАМОКС

  • отаға 3 күн қалғанда 1 тамшыдан.
  • отадан кейінгі алғашқы 7 күн 1 тамшыдан – күніне 3 рет. (9.00, 14:00, 20.00)

Маңызды ескерту

  • Еске саламыз, 1,5 ай бойы отадан кейінгі бақылау қосымша ақысыз жүргізіледі. 1,5 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі жүгінулер жеңілдікпен төленеді, 6 айдан кейін (ота күнінен бастап) – толық құнымен.
  • Дәрігер Сізге қосымша ұсынымдар беріп, тексеру уақытын тағайындауы мүмкін.
  • Тамшыларды өзіңіз немесе туыстарыңыз тамыза алады. Қолды сабынмен жуып, ота жасалған көздің төменгі қабағын төмен тартыңыз, қабақ пен көз арасында пайда болған ойыққа дәрінің 2 тамшысын тамызыңыз (пипетканы көзге тигізбеңіз!). Бұл кезде жоғары қараған дұрыс. Әртүрлі дәрілерді тамызу арасындағы үзіліс кемінде 5 минут. Түнде тамшы тамызудың қажеті жоқ.

Емдеуді офтальмолог кеңесінен бастаңыз

Қабылдауға жазылу