Сізге лазерлік ота жасалады.
Қарашықты кеңейтетін және ауырсынуды басатын тамшыларды тамызғаннан кейін көзіңізге арнайы контакт линза орнатылады. Ота кезінде өте жарқын жарқылдарды көресіз, көзде жеңіл шаншу сезілуі мүмкін, сондай-ақ ақырын шырт еткен дыбыстарды естисіз.
Ота шамамен 15-20 минутқа созылады. Араласудың сәтті әрі жылдам өтуінің маңызды шарты – бас пен көздің қозғалмауы (маңдайды алға тіреп, иекті төмен басып, тура алдыңызға қарау керек).
Отадан кейін бірден (жарқын жарыққа байланысты) көрудің болмашы нашарлауы 20 минут ішінде бастапқы деңгейге қалпына келеді, бірақ кеңейген қарашыққа байланысты кейде тағы шамамен 4 сағат бойы сәл «бұлдыр» болып қалады.
Процедурадан кейін
Процедурадан кейін
Лазерлік ота отадан кейінгі ерекше режимді қажет етеді:
1 апта бойы:
- ащы, тұзды тағамды, спиртті және газдалған сусындарды ішпеңіз;
- тәулігіне 1,5 литрден артық сұйықтық ішпеңіз;
- басыңызды ыстық сумен жумаңыз, буханаға және саунаға бармаңыз, әдеттегі су процедуралары мен душқа рұқсат етіледі;
- ұзақ көру жүктемесінен аулақ болыңыз.
Отадан кейін екі апта бойы ауыр дене жұмысы, әсіресе басты және денені төмен еңкейтіп жасалатын жұмыс жасауға болмайды.
Маңызды ескерту
- Қант диабеті бар пациенттерге ота жасағанда отадан кейінгі ерте кезеңде көру нашарлауы мүмкін.
- Мұндай жағдайларда әрі қарай емдеу үшін дәрігер Сізге қосымша ұсынымдар беруі мүмкін.
- Ота құнына 1 ай бойы отадан кейінгі бақылау кіреді. Шұғыл кеңес, көмек қажет болған жағдайларда (көрудің кенеттен нашарлауы, көздің қабынуы және т.б.) орталыққа емдеуші дәрігеріңізге шұғыл жүгінуіңіз керек.

